Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім  бөлімінің «№ 14 арнайы мектеп - балабақшасы» КММ, Виноградов көшесі, 10/1, индексі 070010, телефоны 8(7232)769049, электрондық мекенжайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Педагог-ассистент – 1 штат бірлігі.

Штат кестесіне сәйкес жұмыс өтіліне, біліміне және біліктілік санатына байланысты лауазымдық жалақы (120000 бастап).

Функционалдық міндеттері:

  1. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынысы бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
  2. Балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау үшін мамандар мен мұғалімдердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын дайындауға қатысады;
  3. Білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде, денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты өз бетінше іс-әрекеті шектелген жағдайларда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
  4. Оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала туралы деректерді бақылайды және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, оқу, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларының қалыптасу динамикасын тіркейді және қамтамасыз етеді, баланы тәрбиелеу және әлеуметтендіру процесін бақылау үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;
  5. Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарын сақтайды;
  6. Белгіленген нысан бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізеді.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып - болған жағдайда);

4) Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰҒТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) Толтырылған Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушылар оның бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне қатысты қосымша ақпарат (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдiстемелiк жарияланымдар, бiлiктiлiк санаттары туралы құжаттардың көшiрмелерi, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде (04.09.2024 жылдан 12.09.2024 жылға дейін) ұсынылуы тиіс.

  1. Әдіскер – 1 штат бірлігі.

Штат кестесіне сәйкес жұмыс өтіліне, біліміне және біліктілік санатына байланысты лауазымдық жалақы (170000 бастап).

Функционалдық міндеттері:

  1. МББ қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі блокта әдістемелік жұмысты жоспарлайды, реттейді және талдайды.
  2. МББ-ның жылдық жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді (педагогикалық кеңестерге, тәрбиешілердің ӘБ-ге, семинарларға және т.б. тақырыптарға);
  3. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге), білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға қатысады.
  4. Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
  5. Педагогикалық кеңестің отырысына, мектепке дейінгі тәрбие мәселелері бойынша ашық іс-шараларға сұрақтар дайындайды.
  6. Оқу-әдістемелік құжаттаманы, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
  7. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады, жас топтары бойынша сабақтар кестесін жасайды.
  8. Оң практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
  9. Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы қағидаттарын сақтау, ата-аналармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.
  10. Заманауи жабдықтарды ауыстыру және сатып алу туралы ұсыныстар енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жасақтауды ұйымдастырады.
  11. Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жай-күйін талдайды. Тәрбиешілермен ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топтық консультациялар, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады, оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді, есепке алу және есептік құжаттаманы уақтылы ресімдейді.
  12. Тәрбиешінің, педагог-психологтың, мұғалім-логопедтің, мұғалім-дефектологтың, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа да мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді. Құзыреттіліктің даму деңгейіне талдау жүргізеді.

13, Тәрбиеші лауазымына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу бойынша ұсынымдар енгізеді.

  1. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
  2. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
  3. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
  4. Мыналарға бақылауды жүзеге асырады:

- мектепке дейінгі топтарда ОТҮ жоспарлау;

- педагогикалық кеңестердің шешімдерін, семинарлардың ұсынымдарын, тәрбиешілердің қорғанысы;

- сабақтарда және басқа да қызмет түрлерінде ОТҮ ұйымдастыру;

- тәрбиешінің, педагог-психологтың, мұғалім-логопедтің, мұғалім-дефектологтың, музыкалық және дене шынықтыру жетекшілерінің және басқа да мамандардың сабақтастығы мен жүйелілігі.

  1. Жалпы жиналыстарды, ата-аналар конференциясын ұйымдастыруға қатысады және тәрбиешілерге ата-аналар топтық жиналыстарын дайындауға және өткізуге көмек көрсетеді, педагогикалық құжаттаманы уақтылы және сапалы ресімдейді.
  2. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
  3. Қызметтік (педагогикалық) әдеп нормаларын, қызметтік бағыныстылықты сақтайды.
  4. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып - болған жағдайда);

4) Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰҒТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) толтырылған Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы.