Бүгін мұғалімдер күні мерекесімен № 14 мектеп-балабақша оқушылары өз педагогтарын құттықтады. Оқушылар кешеннің барлық мұғалімдеріне, тәрбиешілері мен мамандарына қиын еңбегі, шыдамдылығы және мектеп-балабақша балаларын тәрбиелеуге, оқытуға, емдеуге қосқан зор үлесі үшін үлкен алғыстарын білдірді. Мерекелік концертте балалар өлеңдер оқыды, ән шырқады, би биледі, біздің кешенде көп жылдар бойы жұмыс істеген педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтады. Директор Д.М. Тусупова педагогтарға кәсіби мерекелерінің құрметіне грамоталар табыс етті.