Республика күніне орай № 14 мектеп-балабақшада "Біздің Отанымыз - Қазақстан" атты мерекелік іс-шара өтті. Мектепке дейінгі топтардың балалары әнұран орындады, Отан, Мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдер оқыды, ән шырқады, "Халықтар достығы"биін биледі. Мерекелік іс-шара балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерді, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті.