Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай балабақша және бастауыш сыныптарда «Біздің тәуелсіз Қазақстан!»
тәрбие сағаттары, «Қазақстан туралы 100 сұрақ-100 жауап» зияткерлік ойыны өтті; «Тәуелсіздік рәміздері» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихымен, тәуелсіздік рәміздерімен танысты. 4-сынып оқушылары қазақ тілі мен республикамыздың тарихы бойынша сайысқа түсті. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз!