«Игi істер марафоны» жобасы аясында №14 арнайы мектеп-балабақшасының қызметкерлері мен ата-аналары Балалар ауылына барып, балаларға ойыншықтар сыйға тартты. Балалар күтпеген сыйлықтарға риза болды, ал директор Меңдігүл Мүбаракқызы осы шараға қатысушылардың барлығына алғысын білдірді.