Шығыс Қазақстан облысындағы мектепке дейінгі ұйымдар 2024-2025 оқу жылына балаларды топтастыру бастады.
Жолдамалар Бірыңғай кезектілік базасында базасында беріледі. Жолдама берудің басталу күні қосымша хабарланады.
Егер кезекке тұрған балабақшада бос орын пайда болса және балаңыздың кезегі келсе, жолдама Сіздің нөміріңізге 1414-тен SMS хабарлама арқылы келеді.
Жолдаманын келгенін eGov Mobile қосымшасы арқылы да тексере аласыз. Ол үшін eGov mobile қосымшасының басты бетінде Bilim бөліміне кіріңіз, жоғары жағындағы қоңырау белгішесіне басыңыз. Егер шешім қабылдап SMS-ке жауап беріп қойсаңыз, eGov mobile-да жауап бере алмайсыз.
Мұндай хабарлама balabaqsha.snation.kz порталына да келеді. Порталда «Өтініштер» бөлімінде жауап беруге болады.
Ата-ана SMS немесе портал арқылы 2 күнтізбелік күн ішінде SMS/хабарламаға жауап беруі керек.
Жолдаманы алуға келіскен жағдайда сізге келесі қадамдар сипатталған жаңа хабарлама келіп түседі:
1. Жолдама тек 5 жұмыс күнге жарамды.
2. Осы 5 жұмыс күні ішінде балаңызды медициналық тексерістен өткізу қажет.
3. Осыдан кейін egov.kz немесе balabaqsha.snation.kz порталы арқылы қажетті құжаттарды тіркей отырып «Балабақшаға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау» қызметіне өтініш беру керек:
- № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;
- № 052-2/у нысандағы «Бала денсаулығы паспорты»;
- № 027/е нысанындағы анықтама;
- ПМПК қорытындысының (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) электронды көшірмесі;
- әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
- ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).
Егер жолдамадан бас тартсаңыз «Жоқ» деп басып, шешіміңізді растаңыз. Бұл балабақшадағы сіздің кезегіңіз жойылады