№14 мектеп-балабақшасында 4-сынып оқушыларына арналған «Бастауыш сыныппен қоштасу» мерекесі өтті. Шәкірттердің ата-аналары тарапынан қаншама жылы лебіздер айтылса, мектеп бітіруші түлектер тарапынан да көптеген алғыс сөздер айтылды. Бастауыш сыныптың жарқын сәттеріне жанды әндер, мектеп өмірінен ойнақы көріністер, өлеңдер арналды. Салтанатты көңіл - күй, талғампаз күндер, толғандырған ата-аналар – жүректі тебірентетін сәт.

Мектепалды даярлық топтарында балаларды мектепке шығаруға арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді. Мереке мектеп бітірушілердің салтанатты түрде шығуымен басталды - балалар бірден жетілгендей болды: әдемі, ақылды, бақытты. Түлектер мәнерлеп, эмоционалды түрде өлең оқыды, ән шырқады, би биледі.