Мы реализуем проект "Открываем мир - Время возможностей" при поддержке Фонда Дара @dara.inclusion и компании Шеврон. В рамках проекта наш детский сад получил развивающие материалы и оборудование.

Республика күніне орай № 14 мектеп-балабақшада "Біздің Отанымыз - Қазақстан" атты мерекелік іс-шара өтті. Мектепке дейінгі топтардың балалары әнұран орындады, Отан, Мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдер оқыды, ән шырқады, "Халықтар достығы"биін биледі. Мерекелік іс-шара балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерді, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті.

Мемлекетіміздің егемендігі мен тұтастығы мерекесінде әрқайсыңызға бейбітшілік, жақсылық, бақыт, көкжиектеріңіз ашылып, жаңа белестерді бағындыруға шабыт тілейміз! Республика күні құтты болсын!

 

Бүгін мұғалімдер күні мерекесімен № 14 мектеп-балабақша оқушылары өз педагогтарын құттықтады. Оқушылар кешеннің барлық мұғалімдеріне, тәрбиешілері мен мамандарына қиын еңбегі, шыдамдылығы және мектеп-балабақша балаларын тәрбиелеуге, оқытуға, емдеуге қосқан зор үлесі үшін үлкен алғыстарын білдірді. Мерекелік концертте балалар өлеңдер оқыды, ән шырқады, би биледі, біздің кешенде көп жылдар бойы жұмыс істеген педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтады. Директор Д.М. Тусупова педагогтарға кәсіби мерекелерінің құрметіне грамоталар табыс етті.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ❗️❗️❗️
Ата-аналарға арналған жадынама.

Заманауи білім беру кеңістігіндегі балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы аясында №14 мектеп-балабақшасында №15 мектептің бастауыш сынып мұғалімдерімен кездесу өтті. Мұғалімдер ООП-пен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті.

 

Мектеп-балабақшада алғашқы қоңырау мен Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

        Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім  бөлімінің «№ 14 арнайы мектеп - балабақшасы» КММ, Виноградов көшесі, 10/1, индексі 070010, телефоны 8(7232)769049, электрондық мекенжайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: